Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҒылым-Білім

Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі

Түркістан облысының білім басқармасы ордабасылық оқушы Жәнібек Асқарұлы Абилхан ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпай жинағанын мәлім етті.

Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл алған Абилхан Жәнібек Асқарұлы Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Жәнібек 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Мектеп-гимназия директоры Исанова Сәуле Егембердіқызы. Сынып жетекшісі Бортай Гүлзира Ағабекқызы, – деп жазылхан Білім басқармасының хабарламасында.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Жәнібек информатика пәнін таңдаған. Білім басқармасы Жәнібектің жетістігіне орай құттықтауын да жеткізді.

Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы, жауапкершілігі, уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі. Білім жолындағы жеңісің құтты болсын, биік белестерден көріне бер!, – деп құттықтау білдірген.

Сәйкес жаңалықтар

Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Ынтымақтастықты арттыратын құжат

zamandas69@mail.ru