Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Жеңіл жолмен пайда тапқысы келген алаяқ қылмыстық жауапқа тартылды

Жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған.

2024 жылы қала тұрғыны елордада өтетін концерттерге билет сату туралы жалған хабарландыруларды «OLX» сайтына орналастырып, арзан бағаға билет сатып алғысы келген азаматтардың назарын аударған. Ол төлем алғаннан кейін (5 мыңнан 50 мың теңгеге дейін) жәбірленушілерге жалған электронды билеттер жолдаған.

Барлығы 38 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын қаражатты иемденген.

Кінәсін мойындауын, шынайы өкінуін, кәмелетке толмаған баласының барын және жәбірленушілерге келтірілген шығынның өтелгенін ескере отырып, сот оған 4 жылға бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады.

Астана қаласының прокуратурасы күмәнді хабарландыруларға назар аудармауға және тауарлар мен қызметтерді тек ресми сату орындары мен интернет-платформалардан сатып алуға кеңес береді.

Сәйкес жаңалықтар

Роман Скляр «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

Қазақ халқының рухани мұрасы саналатын күй өнерін насихаттауға бағытталған мәдени шара

«Абайға құрмет» акциясы: Қанат Бозымбаев Абай облысындағы әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылыс барысын тексерді