Әйелі зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған қазақстандық дипломат шұғыл елге қайтарылады – СІМ

0
39
Коллаж: Halyq Uni

БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұраған видео жариялаған. Оның айтуынша, күйеуі – Қазақстанның БАӘ-дегі төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі.

«Күйеуімнің 10 жыл бойы маған зорлық-зомбылық жасап келе жатқанын айтқым келеді. …Қорлық көрсеткені үшін оны дипломат лауазымынан айырып, түрмеге қамалғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық көрсетті», – деген дипломаттың әйелі әлеуметтік желіде тараған видеода.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты жауап беріп, қазақстандық дипломаттың шұғыл түрде елге қайтарылатынын айтты.

Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады, – деп хабарлады СІМ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ