Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 67 шетел азаматы елден шығарылды

Елордада көші-қон ережелерін бұзған 279 шетел азаматы белг3л3 болып, оның 67-сі ел аумағынан шығарылды.
“15-20 ақпан аралығында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 279 шетел азаматын және 53 Қазақстан азаматын анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 67 шетел азаматы елден шығарылды”, – деп мәлімдеді Астана полиция департаменті.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші анықталды.
Соттың көші-қон заңнамасына қатысты шығарған шешімін орындамаған және Қазақстаннан шығудан жалтарған 11 шетелдік анықталды. Бұл азаматтар мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарылды.