Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды zamandas.kz

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде 9,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды