Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді – Тоқаев

0
268

Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді. Бұл жайында Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Каспий құбыр желісі консорциумының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Мұнай-газ секторы – Қазақстанның экономикасын өркендетуге жол ашқан басты саланың бірі. Бұл саланы дамыту үшін шетелден ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттердің қатарында. Қазір жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз. Өнімді сыртқа шығаратын Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиын барысында.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтіп жатыр.

Айта кетейік, 2021 жылғы қазан айында КҚК теңіз терминалынан 5 390 687 тонна мұнай (49 289 039 баррель) тиелді.

Оның ішіндегі 2 556 515 тоннасы – Теңіз кен орнынан, 751 173 тоннасы – Қарашығанақ кен орнынан, 1 471 461 тонна – Қашаған кен орнынан өндірілген мұнай, сондай-ақ 62 127 тонна – басқа да қазақстандық өндірушілерінен келген мұнай.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ