Каспийде мектеп бітіргенін атап өтпек болған оқушы батып кетті

0
116

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданында болған. 9-сыныпты бітіргендерін атап өтпек болған оқушылар автобус жалдап, Каспий жағалауындағы “Голубая бухта” демалыс орнына барған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Lada.kz мәліметінше, жалпы автобуста 24 оқушы болған.

Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Оқиға кезінде олардың сынып жетекшілері қасында болған екен. Соңғы қоңырау болмай тұрып, біз алдын алу шараларын жүргіздік. Сондай-ақ оқушылардың табиғат аясына шығуына, қала сыртына шығуына тыйым салу туралы ақпарат берілді. Өз міндеттеріне салғырт қарағаны үшін мұғалімге сөгіс берілді, – деді Маңғыстау облысы білім беру басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

Суға батып бара жатқан үш жасөспірім өздері шыға алған, ал екеуін куәгерлер құтқарып қалған. Зардап шеккен 2007 жылғы бала ауруханаға барар жолда автокөлікте қайтыс болды. Бұдан бөлек ауруханаға түскен үш қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Тағы бір 2008 жылғы қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз