Кентаудың экс-әкімінің 10 жыл бұрынғы қылмысы ашылды

0
256

Антикор Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады. Жемқорлыққа қарсы қызмет оның осыдан он жыл бұрынғы былығын ашқан деп хабарлады turkystan.kz ktk.kz арнасына сілтеме жасап.

2013 жылы ол премьер-министр кеңсесінің қызметкері болып жүріп, жекеменшік компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерді жеңіп әперемін деп уәде берген. Талап етілген соманы алып, өзі де ортақтасқан. Ақшаның бір бөлігіне өзіне Астана қаласынан жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алған дейді тергеушілер.

42 жастағы Аюпов екі жыл Түркістан қаласына басшылық еткен. Кейін Кентау қаласының әкімі болды. Халық есінде ол Илон Маскке Түркістаннан зауыт салу туралы ұсыныс жазған, өзі мүгедектерге арналған арбаға отырып жолдың сапасын тексерген әкім ретінде қалды. Экс-шенеунік Астанадағы уақытша тергеу изоляторына былтыр қамалған болатын.

«Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр. Қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ