Әкімнің экс-орынбасарын әшкерелеуге көмектескен тұрғын 12 миллион теңге сыйақы алды – Антикор

0
5
Әкімнің экс-орынбасарын әшкерелеуге көмектескен тұрғын 12 миллион теңге сыйақы алды – Антикор
Фото: inbusiness.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Бұл сыйақы – параның жалпы сомасының 10%. 2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат көтермеленді. Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялығын қамтамасыз етеді» делінген ресми хабарламада.

Биыл 3 қаңтардан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына түседі. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарласа алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на баруына болады.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз