Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Ақсуда ер адам полицейді үтікпен ұрып, білегінен тістеп алған

Ақсуда мас тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, басынан үтікпен ұрып, білегін тістеп алған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, сағат 21:00-де қала тұрғыны полицияға Қамзин көшесінде орналасқан пәтердегі отбасылық жанжал туралы хабарлап, көмек сұраған. Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ол барған соң, тұрғын өзін агрессивті ұстап, жанжал шығарған мас ұлының үстінен шағымданған.

 Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, агрессивті әрекет етіп, полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті. Ол үтікпен учаскелік полиция қызметкерінің басынан соғып, білегінен тістеп алды. Көмек көрсету үшін көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам алкогольдік мас күйінде болды. Осы жағдайды анықтау үшін құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді, – делінген Павлодар облысы ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Динара Амантай

Сәйкес жаңалықтар

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей

Коллектив ТОО «Родина» выражает поддержку проведению республиканского референдума

zamandas69@mail.ru

Торжественного закрытия месячника «Есірткісіз болашаққа ұмтыл», посвященного Международному дню борьбы с наркоманией и наркобизнесом