Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, елдегі ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр 30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында күтіледі. Тек антициклон жотасымен Қызылорда және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Қазақстан бойынша күндіз температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста 28-36 градус жылы, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 градус жылы, оңтүстікте 32-37 градус жылы, шығыста 20-28 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандықтардың 37 мамандық бойынша біліктілігін растау мүмкіндігі пайда болды

Енді Өзбекстанға бару үшін қазақстандықтарға паспорт қажет болмауы мүмкін

Вейпке тыйым салуға қарсы шыққан депутаттар да болды – Нұргүл Тау