Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алматы облысында әйел перзентхананың терезесінен секіріп кетті

Алматы облысында босануға келген әйел перзентхананың терезесінен секіріп кеткен. Суицидке барған әйелдің жанында медбике де болған, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Пациенттің бұл қадамға баруына отаның сәтсіз жасалуы себеп болуы мүмкін. Дәрігерлердің сөзінше, әйел осымен үшінші рет құрсақтағы сәбиінен айырылып отыр. Оқиға Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңдегі перзентханада болған.

«Әйел үшінші қабаттан құлады. Жағдайы бірқалыпты. Үш рет жүкті болған, үшеуінде де сәтсіз аяқталған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын ЭКО-мен көтерген. Жүктіліктің 26 аптасында құрсағындағы сәбиі шетінеп кеткен. Бұл жолы жоспарлы ота жасалды. Үш рет сәбиін жоғалту оңай емес. Терезеден секіргенде жанында медбике болған, дәрісін беріп жатқан. Итеріп жіберіп, секіріп кеткен»,  – деді мекеменің дәрігері.

Оқиға әлеуметтік желіге жарияланды. Жағдайды білуге жергілікті тұрғындар келген. Дәрігерлермен тілдескен Сәуле есімді тұрғынның сөзінше, соңғы уақытта перзентханада оқыс оқиғалар көбейіп кеткен. Оны басшылық жасырып бағады. Келеңсіздікті айтқан қызметкерлерді басшылық қудалауға да алған. Перзентхана қызметкері Ғани Қалдыбайұлының сөзінше, әйел сәбиінің отаға дейін құрсағында шетінеп кеткенін білген.

«Терезеден секірген пациенттің басында қатты жарақат жоқ. Кеше нейрохирургтар тексерді. Екі қолы сынған. Әйел жансақтау бөлімінде жатыр, көре алмайсыздар. Біз қызметкерлерді қудалаған жоқпыз»,  – деді кафедра меңгерушісі.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы MICE-туризмге басымдық береді: жаңа туристік кластер қалаға жыл сайын қосымша 200 мыңға дейін турист тартуға мүмкіндік береді

Олжас Бектенов төтенше жағдай орын алған өңірлер тұрғындарын әлеуметтік қолдау жөнінде тапсырма берді

zamandas69@mail.ru

Бүгін — Астана күні