Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алматы облысында шағын автобус аударылып, төрт жолаушы қаза тапты

фото: Halyq Uni

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы облысының ПД мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген.

Апат салдарынан 4 жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы 2 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ведомство жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, жол ережелерін бұзбауға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды

Үкімет басшысы елдегі уақыт белдеуін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды

Шымкентте 1 мыңнан аса адам көлікті заңсыз жүргізген