Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алматыда сапасыз құрылыстан 1 мыңнан аса бұзушылық анықталды

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі
Техникалық қадағалау сарапшылары жауапқа тартылды

Алматы қаласының әкімдігі жыл басынан бері сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1 мың 140 бұзушылықты анықтап, оларды жоюға 634 ұйғарым берді. Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

  • «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
  • «ТриА Холдинг» ЖШС;
  • «Ремстрой» ЖШС;
  • «ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).

Айта кетсек, кіші құрылымдық түрлерінен айырылған компанияларға басқарма оларды лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізген.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр

Ұлытау облысының әкімі өңірде азық-түлік неге қымбат екенін түсіндірді

Астанада медианың қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды