Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Закон и порядокОбщество

Алматыда туыстарының үйін тонаған адам ұсталды (ВИДЕО)

Фото: polisia.kz

Алматы қаласының полициясы үйге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады. Олардың арасында жәбірленушінің жақын туысы да болған деген дерек бар. Ол әзірше күдікке ілініп отыр.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ұрлық Достық шағын ауданында болған. Ұрылар түнде үйдің есігін ашып, ақша мен газ тапаншасын алып кеткен.

Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Олардың арасында, үй иелерінің жақын туысы да бар. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандардың бәрі басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Сол үшін де тергеліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Полиция басшысының айтуынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.   Конституцияның 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сәйкес жаңалықтар

Заявление Народной партии Казахстана в связи со вступлением в силу новой Конституции Республики Казахстан

У каждой площадки свой вопрос: партии продолжают разговор с жителями регионов

«Деньги могли пойти матерям-одиночкам»: аудитор раскрыл схему хищений в деле Бокаева и разбил аргументы защиты