Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Антикор маңызды мәлімдеме жасады

фото: vsejk.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикор мессенджерлер (WhatsApp, Telegram мен басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалатын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалардың алаяқтық әрекеттері туралы азаматтарды ескертеді, деп мәлімдеді Антикор.

Алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Таратылып жатқан жалған ақпаратқа сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сонымен қатар қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, – деп толықтырды ведомство.

Аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау керек. Егер жемқорлық фактілеріне тап болсаңыздар, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлау қажет.

Сәйкес жаңалықтар

Коалиция: предстоящий референдум станет историческим событием

В Казахстане предложили конституционно закрепить специальные правовые режимы для населенных пунктов

Тюрьма – это место, куда никто не должен попадать