Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Астана мен Алматыда 10 күннен бері инватакси қызметі көрсетіліп келеді

Фото: ашық дереккөз

Астана мен Алматыда 10 күннен бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметін пайдаланып келеді. Осы уақытта халық 268 рет инватаксидің қызметін пайдаланды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірігіп, такси қызметіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Инватакси қызметін мүгедектігі бар азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. Әзірше оны пилоттық жоба шеңберінде пайдалануға болады.

Пилоттық жобаға алғашқы кезде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатысады. Одан кейін қызмет көрсетудің бұл түрі халық тарапынан жақсы бағаланса, еліміздің барлық өңірінде пайдаланылады.

Сәйкес жаңалықтар

«Человека не спором убеждают, а клеймом «отменяют» – Мурат Абенов рассказал, как новая Конституции защитит честь и достоинство человека

Аида Балаева: социальный характер государства в Новой Конституции сохраняется

Казахстанцы могут узнать информацию о предстоящем референдуме и новой Конституции в ЦОНах и медучреждениях