Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 11-12 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сәйкес жаңалықтар

Бастырылған астық көлемі 6,5 млн тоннаны құрайды

zamandas69@mail.ru

Павлодар облысында өнеркәсіп аймағынан ұрлық жасады деген күдіктілер тобы ұсталды

«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында 19 автордың 25 кітабы жарық көрді