Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Астанада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

30 тамыз күні Ботаникалық бақта ҚР Конституциясы күніне арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа қатысқысы келетіндер 30 тамызда сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін тегін тіркеле алады. Жарыстың өзі 08:00-де басталады.

Жарысқа қашықтықты еңсере алатын барлық ниет білдіруші шақырылады:

Үлкен жарыс – 4000 м;
Кіші жарыс – 1300 м.
Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.

Айта кетейік, бұқаралық жүгіру спорттық іс-шара болып саналмайды.

Сәйкес жаңалықтар

ҚР АҚДМ ұйымдастырған «Медиа этика мен балалар құқығын қорғау» атты дөңгелек үстелде қабылданған ұсыным

zamandas69@mail.ru

Алматыда Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

Алматыда көлік инфрақұрылымының мастер-жоспары қабылданды