Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Ауа райы қолайсыздығына байланысты бірнеше рейстер кешігіп жатыр

фото:istockphoto.com
Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.

– 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, – деп хабарлады әуежайдан.

Айта кетейік, Алматы әуежайының онлайн-таблосының деректеріне сәйкес ұшуға тиіс ішкі және халықаралық рейстің 10-нан астамы кешіктіріліп жатыр. Тіпті, бірнеше рейстер тоқтатылды.

Сәйкес жаңалықтар

«Ұят болды»: Ішкі істер министрінің орынбасары қыз зорлаған әріптесі туралы пікір білдірді

Тұз сасыса, не себеміз? Ауылдар маңындағы экожүйе бұзылып жатыр

Шымкентте көйлек пен косметика ұрлаған жігіт сотталды