Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпаратты бұрмалап тарату әрекетін тіркеді.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі Орталыққа ұсынған ақпаратқа сәйкес, әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы мәлімет расталмады.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге шақырады.

‼️ Дәйексіз ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Жастарымыз жаһандық спорт және өнер додаларында жеңімпаз атанып, туымызды көкте желбіретіп жүр

Алматыда полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді

Қазақстандағы сумо құрамасының спортшыларымен кездесті