Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Балалардың қауіпсіздігі маңызды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында мұғалімдер мен ата-аналарға, сондай-ақ оқушыларға үндеу жасады. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарланды.

Шәріпханов ТЖМ халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық беріледі.

Министрлік төтенше жағдайларды жоюдың алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет, – деді министр.

Сәйкес жаңалықтар

ҚМГ Ақтөбе әуежайында ірі жанармай құю кешенінің құрылысын бастады

zamandas69@mail.ru

Бұл жеңіс – жас буынның жарқын болашағына жол ашатын берік негіз

Алматыда Абай күніне орай концерттер, поэзия кештері мен көрмелер өтеді