Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
КультураОбщество

Еңбек күніне орай жастар арасында 200 іс-шара өткізілді

Еңбек күні аясында Қазақстанда жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, экологиялық іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулері, «Адал азамат – адал еңбек» диалог алаңдары сияқты 200-ден астам іс-шара өтті.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әсіресе, еңбек адамдарын кеңінен насихаттауға баса назар аударылды. Осы мақсатта Абай облысында «Еңбекші жастар – 2024» және Қарағанды облысында «Шебердің қолы алтын» атты фестивальдер өтті.

Сондай-ақ бірқатар өңірлерде «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары жұмыс маусымын салтанатты түрде қорытындылады.

Еңбек күніне арналған іс-шараларға барлығы 2 мыңнан астам жас тартылды.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Каждый из нас может повлиять на судьбу своей страны – лидер Движения Жаңа адамдар о новой Конституции

Гульнара — сильный журналист

Порядка 202 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери в виде пособий с начала 2025 года