Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

«Экстремизмді насихаттаған»: Қазақстанда ресейлік телеарнаның сайты жабылды

фото: ашық дереккөз

Қазақстанда ресейлік прапогандистік «Царьград» телеарнасы бұғатталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, арна экстремизмді насихаттағандықтан бұғатталған. Бұған дейін «Царьградқа» төрт нұсқау берілген. Оның соңғысы «Қазақ ұлтшылдары Жеңіс күні қарсаңында орыс әйелдеріне үрей туғызды» деген шығарылымға қатысты болды.

Қазір арна сайты бүкіл ел бойынша бұғатталған. «Царьград» өзін бірінші ресейлік консервативті арна ретінде көрсетеді. Оның негізін қалаушы, православтық олигарх Константин Малофеев Донбасстағы жауынгерлік құрамаларды қаржыландырғаны үшін халықаралық іздеуде жүр. Сонымен қатар ол ЕО мен АҚШ-тың санкциялық тізімінде.

Еркеғали Болатұлы

Сәйкес жаңалықтар

Два железнодорожных вокзала открылись после реконструкции в Карагандинской области

Марат Султангазиев обсудил с коллективом индустриально-логистического центра «ДАМУ» вопросы верховенства закона и устойчивого развития

Первый Съезд после конституционной реформы: НПК сформировала команду на выборы