Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Елімізде той жасауға несие беруге тыйым салынуы мүмкін бе?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тойға несие алуға тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін тілшілер Сенатта агенттік өкіліне той өткізуге несие беру мәселесін реттеуге қатысты сұрақ қойды.

Олжас Қизатовтың айтуынша, мемлекет банктердің ішкі жұмысына араласа алмайды.

«Қазіргі уақытта біз банктер мен микроқаржы ұйымдарына егер қарыз алушыда мерзімі кешіктірілген несие болған жағдайда қарыз беруге тыйым салатын заңнамалық нормаларды қарастырудамыз. Осылайша, біз дәл сол сәтте уақытша қаржылай қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың қарыз жүктемесінің ұлғаюын шектейміз. Бірақ несие берудің нақты түрлеріне шектеу қоюға құқығымыз жоқ. Бұл банктің ішкі саясаты және ол жерге араласуға біздің құқылы емеспіз, – деп түсіндірді Олжас Қизатов.

Сәйкес жаңалықтар

Айтыскеры поддержали новую Конституцию поэтическим словом

Торжественного закрытия месячника «Есірткісіз болашаққа ұмтыл», посвященного Международному дню борьбы с наркоманией и наркобизнесом

Сюрпризы, скидки и живые истории: чем удивляет KitapFest 2025 на Арбате