Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Елордалық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ сыйлайды (видео)

фото:дереккөз

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.

«Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін», — деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.

«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!» — деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.

 

Сәйкес жаңалықтар

Исследовательский институт «Общественное мнение» провели совместный Научный семинар

Досрочное снятие пенсий: почему МВФ и ОЭСР были против такого решения

zamandas69@mail.ru

В распространяемых публикациях осуществляется намеренная подмена понятий – ответственность может наступать не за кормление, а только за последствия конкретных действий

zamandas69@mail.ru