Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Із-түзсіз жоғалып кеткен боксшы Серік Нұрқазов табылды

youtube.com/@MoyaKaraganda

Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылған.

Атақты қазақстандық боксшы, бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов Алматыдан табылды.

Алматы ПД мәліметінше, Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылған.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін анықтау үшін арнайы іздестіру тобы құрылғаны атап өтілді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 64 жастағы Серік Нұрқазовтың 14 желтоқсанда жоғалып кеткені хабарланған болатынбыз.

Сәйкес жаңалықтар

В честь Дня пожилых людей аким области встретился с ветеранами

Миссия СНГ отметила системную подготовку Казахстана к выборам в Курултай

Во имя справедливости!