Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Jibek Joly туристік пойызы Түркістанға келді

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Jibek Joly туристік пойызымен алғашқы сапарға шыққан саяхатшыларды қарсы алды. Туризмді дамыту мен мәдени алмасу мақсатында қолға алынған жаңа маршрут 115 саяхатшыны қабылдады.

Алғашқы рейстің жолаушылары Түркістанда бір күн, Өзбекстан астанасы Ташкентте екі күн өткізеді. Туристерге ыңғайлы болу үшін кәсіби гидтермен экскурсия ұйымдастырылып, жайлы автобустар ұсынылды.

Jibek Joly туристік пойызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, туризмді дамыту стратегиясы аясында іске асырылғанын атап өткен жөн. Жоба жаңа бағыттарды ашуға, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және азаматтар үшін саяхаттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

Ключевые положения проекта новой Конституции обсудило экспертное сообщество

В Кызылорде обсудили вопросы доступности жилья для женщин с инвалидностью и матерей детей с особыми потребностями

Аида Балаева: Для туристической отрасли особенно важны предсказуемые правила и доверие