Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Көкшетау әкімдігі бұрын жемқорлық үшін сотталған адамды мемлекеттік қызметке алған

көрнекі фото: Halyq Uni

Көкшетау қаласы құрылыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы А. есімді шенеунік бұрын жемқорлық қылмысы үшін сотталған С. есімді азаматты құрылыс секторының меңгерушісі лауазымына қызметке алған. Ал, ол 2017 жылы «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша сотталған.

Ақмола облыстық сотының хабарлауынша, шенеунік С. есімді азаматтың бұрын сотталғанын біле тұра, ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңына сүйенбеген. Ал, бұл заң аясында бұрын жемқорлық қылмысы үшін сотталған азаматты мемлекеттік қызметке алуға болмайды.

Сот шешімімен, бұрын жемқорлық қылмысы үшін істі болған азаматты мемлекеттік қызметке алып, әкімшілік құқық бұзған шенеунікке 241 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сәйкес жаңалықтар

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

zamandas_kz

Атырауда төбелестен кейін 17 жасар жігіт қайтыс болды

zamandas_kz

Елорда тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды

zamandas_kz