Қазақстанда инфляция көрсеткіші соңғы бес айдан бері төмендеп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Шілдеде инфляция жылдық мәнде 14,0%-ға төмендеді. Азық-түлік инфляциясы ақпандағы ең жоғарғы 26,2%-дан 13,5%-ға дейін – жылдық мәнде 2 есе баяулады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция мен сервистік инфляция 15,0%-ға және 13,6%-ға бәсеңдеді», – деді Виталий Тутушкин.
Ұлттық банктің базалық (жылдық) мөлшерлемесі – 16,75%. Базалық ставкаға қатысты кезекті шешім 25 тамызда қабылданады.
Еске салайық, Ұлттық банк соңғы рет базалық мөлшерлемені 2023 жылдың 5 шілдесінде бекітті. Бас банктің хабарлауынша, жаһандық инфляцияның қысымы бәсеңдеп, Қазақстанда инфляцияның жылдық және айлық мәні де баяулап келеді.
