Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімҚоғам

МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

? Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

? Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.

? Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

? Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арналарында танысуға болады.

ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ

Сәйкес жаңалықтар

Борышкерлердің ақшаны орынсыз жұмсауын болдырмайды

Үкімет ауаны тазарту үшін “жасыл энергетиканы” дамытуға күш салып отыр

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Есіл жағалауын әуенге бөледі