Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Медбикені балағаттаған қазақстандық қамауға алынды

Фото: bmcudp.kz

Павлодар облысында медбикені балағаттаған ауыл тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ертіс ауданында тұрғын учаскелік полиция қызметкеріне көшеде мас ер адам жүргенін айтып арызданған. Полицейлер оқиға орнына барып, тұрғынды медициналық куәландыруға алып барған.

Емханада мас тұрғын балағат сөздер айтып, қабылдау бөлмесіндегі медбикеге тіл тигізген.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адам жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен тұрғынға 5 АЕК (18 460 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынып, ол әкімшілік қамауға алынды, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасаған 310 адам жауапқа тартылған. Оның үшеуі Ертіс ауданында тұрады.

Сәйкес жаңалықтар

Жобаның негізгі мақсаты – ветеринариялық мамандарға қолайлы еңбек жағдайларын жасау

Ленин, Держинский, Маяковский: Өскемендегі «ескерткіштер моласы» (ФОТО)

Біздің балаларымыздың және жалпы қоғамның болашағы үшін маңызды