Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Министрлік 3 букмекерлік кеңсені сотқа берді

көрнекі фото: betting.team

Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 еседен астам қысқарды. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны — 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері — 12.

Қазір Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін түсіндіру жұмысын жүргізуде. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

Министрдің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай — ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз, — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов букмекерлік компанияларды оңды-солды жарнамалауды тоқтатуды, осы ретте заңға да өзгерістер енгізу керегін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары

zamandas_kz

Сот орындаушылары қызметінің 80 пайыздан астамы электронды форматта атқарылады — Әділет министрлігі

zamandas_kz

Еңбек адамы

zamandas_kz