Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Найзағай, дауыл, жауын: 29 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар), бұршақ жаууы мүмкін. ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау обылысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысынының солтүстік-шығысында, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сәйкес жаңалықтар

Эксперт: проект Конституции отвечает запросу общества на справедливость и равенство

Новая Конституция сохраняет приоритет прав собственников жилья

Партия «Байтак» сократила партийный список до 47 человек из-за отказа четырех кандидатов

zamandas69@mail.ru