Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
МәдениетҚоғам

Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту жоспарлануда

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылып, соған сәйкес Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынбақ.

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университке ат басын тіреді.

Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.

Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісуда ақынның сөзіне жазылған әндер байқауы өтіп, биографиялық моноспектакль ұсынылды

zamandas69@mail.ru

Алмас Алматов – қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттап жүрген тұлға

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан