Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Президент 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық рух, бірлік пен мақтаныш сезімін қалыптастырудың негізгі құралына айналуда

Қазақстанда өңірлердің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді