Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Құрбан айтта астаналықтар автобуста тегін жүре алады

Фото: vlast.kz/Жанара Каримова

Елордада Құрбан айт мейрамында тұрғындар автобуспен тегін жүретін болды, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 16 маусым – Құрбан айт мейрамында қоғамдық көлікте (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін болады. Автобустар таңғы сағат 6-да жұмысын бастайды.

16 маусымға қараған түні №201, 202, 203 түнгі бағдарларда да жол жүру тегін болады.

Түнгі бағдарлардың қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Әділет органдарын цифрландыру – бүгінде құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы.

zamandas69@mail.ru

Қоғамдық мүліктің бүлінуі, бұзақылық – мұның бәрі дереу және қатаң шаралар қабылдауды талап етеді

Елордада отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған іс-шара өтті