Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

СҚО-да кәріз тазаламақ болған шошқа кешенінің төрт жұмысшысы қаза тапты

Фото: EMC AGRO

Солтүстік Қазақстан облысында кәріз тазаламақ болған шошқа кешенінің төрт жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қайғылы жағдай Тайынша ауданында орналасқан «EMC AGRO» компаниясында болған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның төрт қызметкері Новоивановка ауылындағы бордақылау алаңынан жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін шықпаған.

Тереңдігі 8 метр кәрізді тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды, — делінген ақпаратта.

Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров барды. Сондай-ақ полиция департаменті, мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлері оқиға орнында.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды

zamandas_kz

Әкімнің басты талабы – қолданыстағы алма бақтары мен табиғи ландшафтты сақтап қалу

zamandas_kz

Сенатор ерте жүктілік мәселесіне ерекше назар аударып, оны әлеуметтік-медициналық маңызды сынақ деп атады

zamandas_kz