Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Самара – Шымкент тасжолында 2 оқушы мен мұғалім қаза тапты

Оқиға бүгін, сағат 08:45-те болған.

Самара – Шымкент тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты.

Оқиға бүгін, сағат 08:45-те Самара – Шымкент трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар – республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2 оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Анель Жарылғасын

Сәйкес жаңалықтар

«Сахна – киелі жер»: Актриса Назгүл Қарабалина «толстовка» киіп ән айтқан Садраддинді сынады

zamandas_kz

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтерлер берілді

zamandas_kz

«Қараөткел» зиратында Алаш қайраткерлерін еске алу рәсімі өтті

zamandas_kz