Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетелдік ұсталды

Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетелдік ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 11 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің жолын кескен.

Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.

17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Жалпы, жыл басынан бері БҚО аумағында мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.

Сәйкес жаңалықтар

Продолжается акция «Внимание — дети!»

Присвоение и растрата чужого имущества – сегодня начнется суд по делу экс-главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой

Казахстан задает цифровую повестку: Саудовская Аравия объявила Год искусственного интеллекта