Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Шиелі тұрғыны мешітте ұйықтап жатқан наиб-имамның телефонын ұрлап кеткен

фото: catalog-photo.ru

Қызылорда облысында имамның телефонын ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Ол Шиелі аудандық орталық мешіт ішінен ұйықтап жатқан наиб-имамның телефонын жасырын жымқырып кеткен. Полиция қызметкерлері оны ұстап, пробация қызметінің есебіне алған.

Шиелі аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен оны кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген.

Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

Еркеғали БОЛАТҰЛЫ

Сәйкес жаңалықтар

Экологическая акция в ВКО: молодежь возвращает красоту скалам

Каждый из нас может повлиять на судьбу своей страны – лидер Движения Жаңа адамдар о новой Конституции

При создании нового Парламента мы отказались от лишних затрат и процедурного замыкания – Елнур Бейсенбаев