Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Теміртауда пәтер өртеніп, 8 жасар қыз мерт болды

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында пәтер өртеніп, адамдар құрбан болды деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

11 шілде күні сағат 19:57-де Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 9 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтерде үй заттары, жиһаздың 5 шаршы метрі өртенген.

Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды.

Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақпен 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 20:33-те сөндірілді.

Сәйкес жаңалықтар

Сексеуіл тарихи вокзалы заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жаңғыртылды

zamandas_kz

Амал: Маңғыстаудағы Отпан тауда «Бірлік оты» жағылды

zamandas_kz

Болат Назарбаев өмірден озды

zamandas_kz