Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
МәдениетҚоғам

Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті

Бүгін Теміртау қаласының қалалық жағажайында «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті. Аталмыш іс-шараны «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры жалпыұлттық «Birgemiz: Taza Alem» жобасы аясында ұйысдастырды. Бұл сенбілік – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бір бөлігі.

«Таза ойындар» – бұл табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту және қалдықтарды сұрыптау бойынша командалық волонтерлік сайыс форматындағы сенбілік. Қатысушылар қоқыс жинап, оны сұрыптауда жарысады, нәтижесінде сыйлықтар алады. Қатысушы қарапайым сенбіліктерге қарағанда 5-10 есе көп қоқыс жинай алады. Ойындар статистикасы нақты уақыт режимінде сайтта және мобильді қосымшада жүргізіледі. Бір ойын барысында 1-3 тонна қоқыс жиналды.

«Таза ойындардың» мақсаты — тек ормандар мен су қоймалары жағалауларын тазарту ғана емес, сонымен қатар халықты волонтерлікке тарту, экологиялық тұрғыда ақпарат беру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру және дамыту.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Президент Аружан Саинды қызметінен босатты

Мәжіліс мопедке және велосипедке қатысты жаңа талаптарды қамтыған заңды қабылдады

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапаттар табыс етті