Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

ҚЫЗЫЛОРДА: ҒАРЫШКЕР КЕЙПІНДЕГІ ЕРЕКШЕ САЙЛАУШЫ

Байқоңыр қаласындағы №122 сайлау учаскесіне ерекше киімдегі сайлаушы келіп, көпшіліктің назарын аударды.
Қаланың белсенді азаматы Құрылтай депутаттарының сайлауына ғарышкер костюмін киіп келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады.
Ғарыш әлемімен тығыз байланысты Байқоңыр қаласында мұндай бейненің сайлау учаскесінде көрініс табуы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тұрғындар онымен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.
Байқоңыр – адамзаттың ғарышты игеру тарихында айрықша орны бар, алғашқы ғарыш сапары басталған тарихи мекен.
Осыған орай ғарышкер бейнесіндегі азаматтың дәл осы қаладағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі символдық мәнге ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

Байқаудың мақсаты – Абай мұрасын насихаттау

Шығыс Қазақстанда үшем дүниеге келді

Жұлдыз Сүлейменова: Жобалар саны емес, сапа мен нәтиже маңызды