Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Қызылордада 25 пәтерге түскен әккі ұры ұсталды (ВИДЕО)

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әккі ұрыны кезекті бір үйге түскен жерінен ұстады.

Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пәтерге терезеден кіріп, әшекей бұйымдарды алып кеткен. Ол Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Тергеу кезінде күдіктінің облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 19 миллион теңге материалдық шығын келтіргені анықталды.

Полицейлер ұрының осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеруге кірісті.

Күдікті қамауда. Тергеу жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Новая Конституция сохраняет приоритет прав собственников жилья

Минздрав РК: безопасность детей остается безусловным приоритетом

Коалиция: предстоящий референдум станет историческим событием