Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Заң күшіне енді: Балағат сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл төлейді

Қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл көлемі 4 есеге өсті. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістер 6 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл заңды желіде қызу талқылап, бірі қолдап, бірі қарсы болды. Дегенмен, заңдағы бұл өзгерістерге Президент 3 қаңтар күні қол қойған болатын. Енді балағат сөз айтқандар заң алдында жауап беріп, 69 мың теңге айыппұл төлейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін балағат сөздерге салынатын айыппұл нормасы түсіндірілген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Ақордада тасқынмен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті

zamandas_kz

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты сот үкіміндегі қателікті атады

zamandas_kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды

zamandas_kz