Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды, деп хабарлайды Kazinform.   

«Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылады. Бұл құрам кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Қосымша ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхатынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан 14 желтоқсанда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Сәйкес жаңалықтар

«Нұрлытау» су жинағыш құрылғысының құрылысы басталады

Астанада Достық пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіледі

Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді.