Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
СпортҚоғам

Жеңіс Қасымбек Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілтін табыстады

Фото: Астана әкімдігі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық берілгені туралы жазды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім.

Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!

Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сәйкес жаңалықтар

Жедел жәрдем фельдшерін науқастың туыстары соққыға жыққан

Алматыда алты түркі елінің жастары бас қосты

Жастарға жеңілдетілген несие беру ережесі бекітілді