Коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина жасалып жатыр

0
131
фото: https: niann.ru

Коронавирустың «Эрис» штаммына қарсы жаңа вакцина қыркүйекте жасалып бітеді, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

BioNTech және «Модерна» концерндері екпені нарыққа шығаруға дайын. Бірақ бұл үшін барлық тиісті рұқсат қағаздарын алу қажет. Вакциналар бір реттік дозамен беріледі.

Германиядағы дәрігерлер екпені жасы 60-тан асқан қариялар мен олардың туыстарына қабылдауға кеңес береді.

Әлемнің 51 елінде «Эрис» штаммын жұқтырғандар саны 17 пайызға жеткен. Бір ай бұрын ғана бұл көрсеткіш 7-ақ пайыз еді. Мамандар аталған мутацияны жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес деп отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ