Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Культура

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына міндетті түрде келемін – актер Перси Хайнс Уайт

Астанадағы Comic Con фестивалінің қонағы болған канадалық әйгілі актер Перси Хайнс Уайт алдағы қыркүйек айында елордада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Актерден қыркүйекте Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы естіген-естімегенін және ауқымды іс-шараға таныстарына баруға қаншалықты кеңес беретінін сұрады.

«Иә, мен бұл туралы естідім. Менің ойымша, шабандоздардың жарыстарын америкалықтар жақсы көреді. Неліктен мұндай нәрсе Америкада жоқ екенін білмеймін. Сіздерде құстармен аң аулау сияқты көптеген қызықты көшпенділер ойындары және мен әлі біле бермейтін көптеген басқа да ойындар бар екен. Иә, әрине, мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына міндетті түрде келемін», — деп жауап берді Перси Хайнс Уайт.

Перси Хайнс Уайт – «Рождественские страшилки» және «Удалённая местность» фильмдері мен «Между», «Одарённые» және «Уэнздей» сынды сериалдарындағы рөлдерімен әлемге танылған канадалық актер.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере

zamandas69@mail.ru

Аида Балаева: Креативные индустрии становятся частью новой экономической политики Казахстана

В международном музыкальном конкурсе “Интервидение” Казахстанец Ернар Садирбаев, известный как популярный исполнитель Әмре, выступит на сцене седьмым.